2024 жылдың 1 ақпаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Қарасөздің майталманы» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараны белгілі жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат жүргізді.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, «Қаламгер» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов Сәкен Жүнісовтің шығармашылығы туралы баяндады, оның ерекше дарындылығына, адамгершілік қасиеттеріне тоқталды. Оның шығармалары арқылы жастарды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу керек,- деді. Көзі тірі кезінде жазушымен бірнеше рет кездесудің сәті түскенін айта кетті..
Өлкетанушы, «Асыл мұра» орталығының қызметкері Дәстен Баймұқанов Сәкен Жүнісовті 2000, 2002 жылдары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойы кезінде көргені туралы әсерлі баяндады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының 2 курс студенті Ұлданай Ниетбаева Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды да мағыналы баяндама жасады.
Шара барысында «Заман-ай» көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Қатысушылар «Дарынды жазушы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги