Ұлты неміс болса да, жаны қазақ
Саналы ғұмырында «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы, жерлесіміз Герольд Бельгер тірі болғанда биыл 90 жастың төріне көтеріліп, өңірімізде мерейтойлық шаралар өтіп жатар еді. Ақтық демі қалғанша қазаққа, жазу өнеріне деген адалдығынан танбаған жазушы ғұмырының сәулелі сәттерін әдебиет әлеміне бағыштады. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында дүниеге…