Айшықты еңбегімен дараланған

1965 жылы құрылған «Союзцелинвод» тресін басқаруға Қаттай Кеншінбаевтың лайықты үміткер ретінде бірауыздан таңдап алынуын кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа балаған дұрыс болар еді. Тікелей Мәскеуге қарайтын, кеңес одағындағы министрліктің ірі құрылымы болып табылатын мекемеге ширек ғасыр жетекшілік еткен асыл ағамыздың өмірбаянына үңіле отырып, ұйымдастырушылық қабілеті, тапсырылған жұмысты тап-тұйнақтай етіп атқаратын іскерлігі, қайрат-жігері бірінші кезекте ескерілгенін аңғару қиын…