«Жыры жетсе болғаны арманына…»

  Қасиетті Қызылжар топырағы – небір асыл тұлғаларды, жақсы мен жайсаңдарды құндақтаған алтын бесік. Қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің қалыптасуына бастарын бәйгеге тіге жүріп зор еңбек сіңірген ардақты тұлғалардың біразы өмір керуенінен көштерін үзіп алса да, олардың арттарында мұрасын насихаттайтын жарлары, ұрпақтары қалды. Оқырманға өңірден шыққан белгілі тұлғалардың, қабырғалы қаламгерлердің өнегелі өмір жолдарын, айшықты іздерін…

Айшықты еңбегімен дараланған

1965 жылы құрылған «Союзцелинвод» тресін басқаруға Қаттай Кеншінбаевтың лайықты үміткер ретінде бірауыздан таңдап алынуын кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа балаған дұрыс болар еді. Тікелей Мәскеуге қарайтын, кеңес одағындағы министрліктің ірі құрылымы болып табылатын мекемеге ширек ғасыр жетекшілік еткен асыл ағамыздың өмірбаянына үңіле отырып, ұйымдастырушылық қабілеті, тапсырылған жұмысты тап-тұйнақтай етіп атқаратын іскерлігі, қайрат-жігері бірінші кезекте ескерілгенін аңғару қиын…

Ұлты неміс болса да, жаны қазақ

Саналы ғұмырында «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы, жерлесіміз Герольд Бельгер тірі болғанда биыл 90 жастың төріне көтеріліп, өңірімізде мерейтойлық шаралар өтіп жатар еді. Ақтық демі қалғанша қазаққа, жазу өнеріне деген адалдығынан танбаған жазушы ғұмырының сәулелі сәттерін әдебиет әлеміне бағыштады. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында дүниеге…

Ғибраты мол ғалым

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақ руханиятының дамуына үлкен үлес қосып жүрген әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Есембековтің есімі әдеби және ғылыми ортаға жақсы таныс. Ол – әдебиет теориясы, мәтін теориясы мен лингвистикасы, аударматану саласын зерттеуде тыңғылықты еңбек сіңіріп жүрген ғалым.  Темірғали Оразғалиұлы 1953 жылы 20 қазанда Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге…

Қазақты шексіз сүйген

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жұртшылық Гераға» деп атап кеткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қарымды қаламгер, публицист, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Энгельс қаласында туғанмен, өзі шығармаларында жазғандай балалық, жастық шағы Шал ақын ауданының бұрынғы Ленин, қазіргі Ысқақ Ыбыраев ауылында қазақ балаларымен бірге құлын-тайдай тебісіп, жарты…

Бейбіт Мұқышқызы Мұстафина

1947 жылы туған, Қарағанды медицина институтын тамамдаған. Еңбек жолын Петропавл қаласындағы авиаотрядтың денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі болып бастады. 1981–1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, одан кейінгі бес жылда облыстың бас терапеві болды. Ол үш жыл республикалық міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесін, екі жыл медициналық қызметтерге төлем жөніндегі орталықты басқарды. 2001–2010 жылдары «№ 2…

Григорий Васильевич Кухарь

1938 жылы туған, Қарағанды политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген соң 1961 жылы Петропавл қаласына комсомолдық жолдамамен келген. Ширек ғасырға жуық «Уралнефтегазстрой» тресі СМУ-4 дәнекерлеушісі, құрылыс комитетінің төрағасы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, одақтық бағыныстағы ірі кәсіпорындар — «Спецводопроводсельстрой», «Союзцелинвод» трестері басқарушысының орынбасары болып істеді. 1984–1993 жылдары Петропавл қалалық атқару…

Анатолий Иванович Мишин

Мишин Анотолий Иванович 1940 жылғы 2 тамызда РФ, Белгород облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары, Омбы теміржол көлігі инженерлері институты, 1982–1988 жылдар. Анотолий Иванович 1962 жылдан бастап Тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндеу кәсіпорнында оқушы, радио-механик, бас инженер болып істеген, ал 1966 жылы «Облбытрадиотехника» кәсіпорнының директоры болды, оны 32 жыл бойы басқарды. Осы жылдар ішінде күшті материалдық-техникалық база құрылып, тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндейтін 700-ден…

Равиль Хасанович Рязапов

Равиль Хасанович Рязапов 1948 жылғы 23 сәуірде Петропавл қаласында туған. Ұлты — татар. Білімі жоғары, С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институты, 1974 ж., жеміс-көкөніс шаруашылығының ғалым агрономы. Жұмыс орны, лауазымы — Мұсылман қауымы басқармасының төрағасы және «Дін-Мұхаммед» мешітінің имамы. Марапаттары — 1990 ж., еңбек сіңірген агроном, 1997 ж. оқу үздігі, 2000 ж. Қаланың құрметті азаматы,…

Степан Федорович Башкиров

Степан Федорович Башкиров 1925 жылғы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын атындағы ауданы Новопаловка селосында туған. Соғыс және еңбек ардагері, ҚазССР еңбек сіңірген машина жасаушысы. ВЦСПС сыйлығының лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Петропавл қаласының құрметті азаматы. 40 жылдан астам Петропавл атқару механизмдері зауытында жұмыс істеген. Өндіріс шебері, жастар тәлімгері, белсенді қоғамшыл. Облыста жыл сайын Ресей мен Қазақстанның ойыншылары қатысатын шахмат-дойбы…