
Равиль Хасанович Рязапов 1948 жылғы 23 сәуірде Петропавл қаласында туған. Ұлты — татар. Білімі жоғары, С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институты, 1974 ж., жеміс-көкөніс шаруашылығының ғалым агрономы.
Жұмыс орны, лауазымы — Мұсылман қауымы басқармасының төрағасы және «Дін-Мұхаммед» мешітінің имамы.
Марапаттары — 1990 ж., еңбек сіңірген агроном, 1997 ж. оқу үздігі, 2000 ж. Қаланың құрметті азаматы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ биология профессоры 2000 ж.
11.1963–01.1965 — Петропавл Ет консервілеу комбинатының жұмысшысы.
02.1965–06.1965 — Петропавл қ. Куйбышев атындағы зауыттың жұмысшысы.
06.1965–11.1971 — Петропавл Ет консервілеу комбинатының көгалдандыру шебері.
11.1973–04.1974 — Петропавл қ. оранжереясының жұмысшысы.
04.1974–01.1983 — Петропавл қ. оранжереясының агрономы.
01.1983–06.1991 — Петропавл қ. оранжереясының аға агрономы.
06.1991–05.1998 — Петропавл қ. «Евразия» АҚ сәулеттендіру жөніндегі учаскесі оранжереясының жетекші агрономы.
05.1998–12.2009 — Петропавл қ. «Табиғат балалары» экологиялық орталығының директоры.
12.2009–2012 — Петропавл қ. «Қызылжар оранжереясы» МКҚК директоры.