
1946 жылғы 15 маусымда Ярослав облысы Большесельск ауданы Большое селосында туған.
1968 жылы Горький театр училищесін бітірді. А.П. Чехов атындағы орыс драма театрында, Свердлов драмтеатрында, Волгоград облыстық жылжымалы драма театрында, Самарқан орыс драма театрында, Түмен облыстық драма театрында жұмыс істеген.
1980 жылдан Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында жұмыс істейді.
Театрда істеген уақытта өзін жарқын бейнелер жасауға қабілетті кәсіби әртіс ретінде көрсетті. Сахнада «Шоқан Уәлиханов» қойылымындағы Шоқан Уәлиханов, «Антоний және Клеопатра» қойылымындағы Цезарь, «Арбат балалары» қойылымындағы Сталиннің рөлдерін сомдады, оның қоржынында 100-ден аса рөл бар.
Режиссер-қоюшы ретінде әртіс Виктор Шалаев өзін 80-жылдарда көрсете бастады: Лобозеровтың «Бөгде адаммен отбасылық бейне», Маршактың «Үйшік», Ива Жамиактың «Амилькар мырза» және басқа да спектакльдер қойылды.
Барлық қойылған спектакльдер көрермендерге ұнады, 1994 жылы театрдың көркемдік кеңесімен Виктор Григорьевич Шалаев режиссер – қоюшы ретінде аттестаттауға ұсынылды.
2002 жылы В. Шекспирдің «Король Лир» спектаклінде Король Лирді, 2004 жылы Дарио Фоның «Бос жұп» спектаклінде инженер Мамбреттиді ойнады. Виктор Григорьевичтің шығармашылық қызметтегі биік шыңы ДЖ. Колдменнің шығармасы бойынша қойылған «Арыстан қыста» спектакліндегі Король бейнесі болды.
2004 жылы спектакль қою құқығымен көркемдік жетекші қызметіне бекітілді, 2011 жылы режиссер лауазымына ауыстырылды.
Виктор Григорьевич 1986 жылы Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген әртісі атағына лайық деп танылды;
XIV Республикалық фестивальда «Мордасовтың түстері» спектаклі (режиссері В.Г. Шалаев) «Ең үздік орындалған классика үшін» номинациясында «Лауреат» атағын жеңіп алды;
Орталық Азия елдерінің ІІ-ші Халықаралық фестивалінде (шығарманың авторы және режиссері В.Г. Шалаев) «Мағжан соты» спектаклі «Қазақстанның тарихи тұлғасын сахналық орындағаны үшін» номинациясында «Лауреат» атағын алды;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған.
Федор Иванович Кашуба