Жамбыл Жабаев — ұлы қазақ ақыны. Ескерткiш граниттен жасалған, биiктiгi — 3,1 м. Алғашқыда ол Жамбыл мен Я. Гашек көшелерiнiң қиылысында орнатылған болатын. 2001 жылы қала тұрғындарының жиналысында шығарылған шешiм бойынша бюст қазақ классикалық гимназия ғимаратының алдына көшiрiлдi. Ескерткiш қаланың көркемдiк-сәулеттiк бейнесiнiң бiр бөлiгi және монументалдық өнер үлгiсi болып табылады.