Бейбіт Мұқышқызы Мұстафина

1947 жылы туған, Қарағанды медицина институтын тамамдаған. Еңбек жолын Петропавл қаласындағы авиаотрядтың денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі болып бастады. 1981–1990 жылдары облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, одан кейінгі бес жылда облыстың бас терапеві болды. Ол үш жыл республикалық міндетті медициналық сақтандыру қорының облыстық бөлімшесін, екі жыл медициналық қызметтерге төлем жөніндегі орталықты басқарды. 2001–2010 жылдары «№ 2…

Григорий Васильевич Кухарь

1938 жылы туған, Қарағанды политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген соң 1961 жылы Петропавл қаласына комсомолдық жолдамамен келген. Ширек ғасырға жуық «Уралнефтегазстрой» тресі СМУ-4 дәнекерлеушісі, құрылыс комитетінің төрағасы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, одақтық бағыныстағы ірі кәсіпорындар — «Спецводопроводсельстрой», «Союзцелинвод» трестері басқарушысының орынбасары болып істеді. 1984–1993 жылдары Петропавл қалалық атқару…

Анатолий Иванович Мишин

Мишин Анотолий Иванович 1940 жылғы 2 тамызда РФ, Белгород облысында дүниеге келген. Білімі — жоғары, Омбы теміржол көлігі инженерлері институты, 1982–1988 жылдар. Анотолий Иванович 1962 жылдан бастап Тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндеу кәсіпорнында оқушы, радио-механик, бас инженер болып істеген, ал 1966 жылы «Облбытрадиотехника» кәсіпорнының директоры болды, оны 32 жыл бойы басқарды. Осы жылдар ішінде күшті материалдық-техникалық база құрылып, тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндейтін 700-ден…

Равиль Хасанович Рязапов

Равиль Хасанович Рязапов 1948 жылғы 23 сәуірде Петропавл қаласында туған. Ұлты — татар. Білімі жоғары, С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институты, 1974 ж., жеміс-көкөніс шаруашылығының ғалым агрономы. Жұмыс орны, лауазымы — Мұсылман қауымы басқармасының төрағасы және «Дін-Мұхаммед» мешітінің имамы. Марапаттары — 1990 ж., еңбек сіңірген агроном, 1997 ж. оқу үздігі, 2000 ж. Қаланың құрметті азаматы,…

Степан Федорович Башкиров

Степан Федорович Башкиров 1925 жылғы 20 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын атындағы ауданы Новопаловка селосында туған. Соғыс және еңбек ардагері, ҚазССР еңбек сіңірген машина жасаушысы. ВЦСПС сыйлығының лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Петропавл қаласының құрметті азаматы. 40 жылдан астам Петропавл атқару механизмдері зауытында жұмыс істеген. Өндіріс шебері, жастар тәлімгері, белсенді қоғамшыл. Облыста жыл сайын Ресей мен Қазақстанның ойыншылары қатысатын шахмат-дойбы…

Александр Егорович Липовой

Александр Егорович Липовой 1928 жылғы 20 мамырда Ресей Брянск облысы Гордеевский ауданы Стругов-Буда селосында туған. Партия және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. 1949 жылы Читадағы энергетикалық темір жол көлігі техникумын, 1961 жылы Томск темір жол көлігі инженерлерінің электр техникалық институтын аяқтаған. Еңбек жолын 1949 жылы Петропавл қаласында темір жол бөлімінде бастаған. 1969–1976 жылдары…

Кручина Сергей Иванович

1959 жылы туған. Петропавл педагогика институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. Велоспорттан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Еңбек жолын «Еңбек резервтері» Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамы облыстық кеңесінің велоспорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. Әскердегі қызметтен кейін Бескөл аудандық, облыстық спорт комитеті балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, «Динамо» облыстық кеңесінде велоспорттан жаттықтырушы, велосипед спорты бойынша арнаулы олимпиадалық…

Леонтьев Сергей Геннадьевич

1965 жылы туған. Темір жол училищесін бітірген соң Петропавл локомотив депосында электровоз машинисінің көмекшісі, әскерден кейін С.М. Киров атындағы зауытта слесарь, инженер-электромонтер болды. 1995 жылдан жеке бизнеспен айналысуда. Осы уақыт ішінде ол көппрофильді кәсіпорынның басшысына дейін өсті. «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің өнімдері еліміздің және Ресейдің тұрғындарына жақсы таныс. Кәсіпорын шығаратын өнімдер сапалығымен ерекшеленеді. Ол өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп отырады.…