Айыртау – асыл аймақ арқадағы
С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қызылжар өңірінің жауһары атанған, туризм саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті жоғары ондығына кірген Имантау-Шалқар курорттық аумағы демалушыларды қарсы алуға әзір. Бауыры жасыл қарағаймен қымталып, айналасы аққайыңдармен көмкерілген айдын көлдер маңында 42 туризм нысаны бар. Танымдық демалысты таңдайтындар тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады. Имантау-Шалқар аймағы Айыртау ауданында орналасқан.…