Қаламгер рухына тағзым

Халқымызда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген асыл сөз бар. Туған халқына жүйрік қаламымен қалтқысыз қызмет еткен белгілі журналист Маман Ементаев сияқты саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған азаматтардың еңбегі мен есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Көз тартар көркем табиғатымен ғана емес, аспандағы аққуға үнін қосқан Ақан сері, Үкілі Ыбырай мен атақты ақын Орынбай Бертағыұлы, беріде…

Ұлты неміс болса да, жаны қазақ

Саналы ғұмырында «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы, жерлесіміз Герольд Бельгер тірі болғанда биыл 90 жастың төріне көтеріліп, өңірімізде мерейтойлық шаралар өтіп жатар еді. Ақтық демі қалғанша қазаққа, жазу өнеріне деген адалдығынан танбаған жазушы ғұмырының сәулелі сәттерін әдебиет әлеміне бағыштады. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында дүниеге…

Тұсаукесер

Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің «Сағыныш» атты жаңа бағдарламасы «QYZYLJAR» облыстық телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты. Аты айтып тұрғандай бағдарлама қонақтары өткен өмірге көз жүгіртіп, сәулелі сәттерді сағынышпен еске алады, адам бойындағы ең асыл сезім жайлы толғанады. Бағдарлама қонақтарының сағынышқа айналған жарқын кезеңдері сыр болып ақтарылып, көңілді жылы шуаққа бөлейтін естеліктерден көпшілік тағылым алса…

«Естігенді емес, көргенді жазған әсерлірек»

Қасиетті Қызылжар топырағында кіндік қаны тамып, білім-біліктерімен, дарын-қабілеттерімен ұлтқа, елге, жерге адал қызмет еткен жандар аз емес. Солардың бір шоғыры туған жерден шалғайда жүр. Бүгін адам өмірінің айтулы белесі- 75 жасқа толып отырған ақын, журналист, сазгер Шашубай Малдыбаев Алматы қаласы маңындағы Қаскелең қаласында тұрып жатыр. Оңтүстік астанаға барған сапарымызда ағамыздың үйіне арнайы aт басын бұрып,…

Күрескер ақын

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, ақын-революционер Баймағамбет Ізтөлиннің туғанына 125 жыл толуына арналған «Жалындап жанған жас өмір» атты еске aлy шарасы өтті. Алғашқылардың бірі болып сөз алған облысымыздың құрметті азаматы, Баймағамбет Ізтөлиннің жерлесі Серікбай Құсайынов күрескер ақынның өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы баяндады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы әкесі, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби…