«Естігенді емес, көргенді жазған әсерлірек»
Қасиетті Қызылжар топырағында кіндік қаны тамып, білім-біліктерімен, дарын-қабілеттерімен ұлтқа, елге, жерге адал қызмет еткен жандар аз емес. Солардың бір шоғыры туған жерден шалғайда жүр. Бүгін адам өмірінің айтулы белесі- 75 жасқа толып отырған ақын, журналист, сазгер Шашубай Малдыбаев Алматы қаласы маңындағы Қаскелең қаласында тұрып жатыр. Оңтүстік астанаға барған сапарымызда ағамыздың үйіне арнайы aт басын бұрып,…