Тұсаукесер
Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің «Сағыныш» атты жаңа бағдарламасы «QYZYLJAR» облыстық телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты. Аты айтып тұрғандай бағдарлама қонақтары өткен өмірге көз жүгіртіп, сәулелі сәттерді сағынышпен еске алады, адам бойындағы ең асыл сезім жайлы толғанады. Бағдарлама қонақтарының сағынышқа айналған жарқын кезеңдері сыр болып ақтарылып, көңілді жылы шуаққа бөлейтін естеліктерден көпшілік тағылым алса…