Қойшыбай Шәниев: «Бұрынғы сатираны сағынамын»
Бұрынғы қазақтың әжуасында әр, мазағында мән, келекесінде көркемдік бар еді. Мен соны сағынамын. Бүгінде бұл жанр нәрінен айырылғандай көрінеді. Қазіргі қоғамға сатира керегі жоқ, мақтау мен мадақтау қажет. Себебі күлдіре отырып шындықты айтудан бөлек, оны түсініп, қабылдайтын қоғам керек қой. «Ауруын жасырған – өледі» демекші отыз жыл бойы жылтыраққа әуес болсақ, енді шындықты шырмаудан босату…