Үш жүзге мәлім дара би
С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы, журналист. Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған қалаларынан арнайы келген меймандар қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов туынды авторы…