Бір түнде елу минаны залалсыздандырған
Есіл ауданындағы Явленка ауылында Боранбай Әбішев атындағы көше бар. Алайда көпшілік оның кім екенін және елге қандай еңбегі сіңгенін біле бермейді. Ардагердің қызы Ғалия Әбішеваның айтуынша, әкесі соғысқа аттанғанда 17 жаста ғана екен. 1942 жылы бозбала бір жас қостырып алып, майданға сұранған. Ленинград майданында 1943 жылға дейін 221 атқыштар полкінде атқыш, кейін 1945 жылға дейін…