Ерлігі елге мәлім Ысқақ батыр
… 1965 жылдың шілде айының орта кезі. Күн ыстық. Балықты көлінің биік дөңінде орналасқан Жаңаталап ауылының бір топ баласы Есіл өзенінің салқын суына шомылып, құмына аунап қайту мақсатымен ауылдан шықтық. Іргеде тиіп тұрған өзенге жеткесін екі-үш сағаттай суға шомылып, құмарымыз қанған соң көп ойланып жатпастан келесі бетке жүзіп өттік және қалың тоғайдың артында әрі кетсе…