Анатолий Шалов: неге ұлықталмай қалды?
Кітап пен газет-журнал оқуға құмарлық әдетіммен Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясын парақтап отырып, 590 бетке жеткенде «Шалов Анатолий Федорович, Шал ақын ауданының Көктерек ауылында туған. Ірі қоғам қайраткері. Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері. Экономика ғылымдарының кандидаты» деген аз сөзбен көп мағына ұқтыратын деректі ұшыраттым. Фотоға назар аударсам, өзімізбен автошеберханада еңбек еткен, инженер-жабдықтаушы Николай Федорович Шалов.…