
Ескерткiш Жамбыл мен Абай көшелерiнiң бұрышында орналасқан. Мыңнан астам солтүстiк қазақстандықтар Ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысты және осы соғыс 46 жерлесiмiздiң өмiрiн қиды. 1999 жылғы жазда ескерткiш белгiсi қойылған болатын, ал 2002 жылы осы жерде Даңқ обелискiсi орнатылды.
Осы жерде жыл сайын 15 ақпанда Ауғаныстаннан кеңес әскерiн шығару күнi ауғанстандық жауынгерлер және олардың туысқандары соғыстан қайтпағандарды еске алу үшiн кездеседi.