Жауынгер-ауғанстандықтар ерлiгiне арналған обелиск

Ескерткiш Жамбыл мен Абай көшелерiнiң бұрышында орналасқан. Мыңнан астам солтүстiк қазақстандықтар Ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысты және осы соғыс 46 жерлесiмiздiң өмiрiн қиды. 1999 жылғы жазда ескерткiш белгiсi қойылған болатын, ал 2002 жылы осы жерде Даңқ обелискiсi орнатылды.Осы жерде жыл сайын 15 ақпанда Ауғаныстаннан кеңес әскерiн шығару күнi ауғанстандық жауынгерлер және олардың туысқандары соғыстан қайтпағандарды еске…

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

«Абылай хан резиденциясы» — Петропавл қаласында орналасқан Абылай ханның мұражайлық кешені. 2008 ж. 21 тамызда резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.Абылайдың ақ үйіАбылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы…

Мердiгер Пироговтың үйi

ХХ ғ.басы. (Сәулет)Ғимаратты ХХ ғ. басында мердiгер Г.И. Пирогов салып, қалалық басқармаға училище қылуға жалға берiп отырған. Сондықтан бұл ғимарат, онымен бiрге жоғары бастапқы әйелдер училищесi де халық iшiнде «Пироговское»аталған. 1916 жылы мұнда Петропавл социалист-революционерлерiнiң партия комитетi және партиялық әдебиет сататын оқу залымен кiтапхана орналасты. Революция кезiнде ғимаратта әртүрлi уездiк мекемелер орн аласты. 1917 жылдың…

Көпес Измайловтың үйi, XIX ғасырдың аяғы

Кiрпiш, бiрқабатты үйдi аң терiсiн алыпсатар көпес Измаилов Әбдiрашит арнайы дүкен жасауға тұрғызды. Дүкен және кiрпiш үй аралығында жер асты өтпе жол болды. Қоныс iшiне лабаз кiрдi(қойма ғимараттары, олар 1996 жылы қалпына келтiрiлiп, ресторан орналасты). 1917 жылдан кейiн ғимарат мемлекет меншiгiне айналды және әртүрлi кеңес мекемелерi орналасатын болды. Ғимарат бiрқабатты, кiрпiштен салынған,сыланбаған. Терезелерi төртбұрышты, жақтаулы.…

Көпес Турлаповтың үйi, XX ғасырдың басы

1900 жыл (Сәулет)Жеке кәсiпкер Турлаповтың үйi 1900 жылы салынған. А уласында кiшкене терi-тон зауыты болған.Ғимарат бiрқабатты, тiкбұрыш тәрiздi,көлемi 19 х 10, кiрпiш, сыртқы қабырғалар қалыңдығы 710 мм, iргетасы кiрпiштен қаланған. Ғимараттың алды кiрпiшпен сәндi безендiрiлген. Терезелер ойықтарын қалаудың жақ тәрiздес түрi аяқтайды. Жақтаудағы элементтер,сонымен бiрге терезе жақтаулары ежелгi орыс стилiнде жасалған.Ескерткiштiң стиль бағыты ХХ ғ.…

Казанцев көпестiң тұрғын үйi мен дүкен ғимараты

XIX ғасырдың екiншi жартысы. (Архит.). Қазақстан Конституциясы көшесi, 2 үйде орналасқан.Ғимарат ХIХ ғасырдың екiншi жартысында салынған. Бiрiншi гильдия көпесi Казанцев Григории Ивановичке тиесiлi болатын.Үйдiң төменгi қабатында тұрмыстық тауарлар дүкенi, ал екiншi қабатта контора мен көпестiң үйi орналасты. Алғашында, осы ғимарат пен Пушкин көшесiнде орналасқан Ганьшин көпестiң үйiнiң арасында бiраз арақашықтық болатын. Бiрақ кейiн, Ганьшин көпеске…

Көпес Шафеевтің үйі, XIX ғасырдың аяғы

Қазақстан Конституциясы, 24.Үй XIX ғасырдың екiншi жартысында салынды. Революцияға дейiн бакалеялық тауарларды сататын көпес Шакиржан Шафеевқа тиесiлi болған.Ғимаратқа зерттеу жүргiзгенде қайта салулар мен құрылыстар жүргiзгенi анықталды, соның нәтижесiнде ғимарат жоспары күрделi құрылымға жеткен. Қасбетi бай рельефтi кiрпiшпен қаланып декорланған. Екiншi қабат интерьерiнде мәнерленген керамикамен (шамасы түрлi түстi) қаптамаланған пештер және төбе плафондарының бiр бөлiгi сақталған.…

Аркель саудагердiң үйi. Көпес Стреловтің үйi

1891 жыл. Қазақстан Конституция көшесi, 48 мекен-жайында орналасқан.Үй саудагер Т.А. Аркельге тиесiлi едi. Жоғарғы қабатты «Орталық» қонақ үй иелендi, төменгi қабатта дайын көйлектер дүкенi орналасты. Дәлелденбеген мәлiметтер бойынша, 1920 ж. 21 қарашада бұл ғимаратта Мәскеу және Петроград жұмысшыларының ашаршылыққа ұшырағандарға көмек сұрап М.И. Калинин сөз сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдары ғимарат өлкетану мұражайын ұйымдастыру үшiн…

Шамсутдиновтың сауда үйі, XIX ғасырдың аяғы

Қазақстан Конституциясы көшесi 17-үйде орналасқан.Ғимарат М.К. Шамсутдиновпен салынған. Ол үйде кейiнiректе Назметдинова және Ко. серiктестiгi тұрған. Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында бұл ғимаратта көпшiлiктiң қолы жететiн ақылы амбулатория орналасты, одан кейiн, бiрiншi қабатында қалалық дәрiхана орналасқан. Екiншi қабатында көптеген жылдар Қазақстанның Коммунистiк партиясының Петропавл қалалық комитетi отырған.Бұл ескерткiш — екi қабатты кiрпiш ғимарат, жоспарда тiкбұрышты. Екiншi…

Көпес Янгуразовтың үйi, ХХ ғасырдың басы

Ғимарат «модерн» стилiнде салынған. Тапсырыс берушi — бiрiншi гильдиялық көпес В. Янгуразов. Жобаның авторлары — итальян сәулет өнершiлерi (есiмдерi белгiсiз). Ғимарат екiқабатты. Бiрiншi қабаттың қабырғалары кiрпiштен, екiншi қабаттың қабырғалары ағаш-бөренелерден салынған. Көптеген қалалықтарға бұл ғимарат «қалыңдық үйi» ретiнде белгiлi.Ғимарат шет аймақтық көпес қаласының тарихи жоспарының үлгiсiндегi ХХ ғ. басына тән тұрғын үйге арналған жоспарлы кешенi…