Ғимарат «модерн» стилiнде салынған. Тапсырыс берушi — бiрiншi гильдиялық көпес В. Янгуразов. Жобаның авторлары — итальян сәулет өнершiлерi (есiмдерi белгiсiз). Ғимарат екiқабатты. Бiрiншi қабаттың қабырғалары кiрпiштен, екiншi қабаттың қабырғалары ағаш-бөренелерден салынған. Көптеген қалалықтарға бұл ғимарат «қалыңдық үйi» ретiнде белгiлi.
Ғимарат шет аймақтық көпес қаласының тарихи жоспарының үлгiсiндегi ХХ ғ. басына тән тұрғын үйге арналған жоспарлы кешенi және қаланың сәулет өнерi мұрасы болып табылады.