Ғимарат 1909 жылы салынды. Тапсырыс берушi — ағаш өнеркәсiбi иесi көпес — А.Г. Юзефович. Жобаның авторы талантты сәулетшi, Алматы қаласының көптеген белгiлi сәулет нысандарының авторы А.П. Зенков деп болжануда. Ғимарат ағаш сәулет өнерiнiң қызықты үлгiсi болып табылады. Қасбетiнiң безендiрiлуiнде «модерн» классикалық стилiнiң элементтерi бар.
Ескерткiш-ғимаратта ХХ ғасырдың 20 жылдары әртүрлi мекемелер орналасатын. Бiр кездерi бұл жерде қылмыскер жас балалар колониясы, 60-70 жылдары жұмыс жастарының мектебi жайғасқан. Қазiргi кезде ғимаратта Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi музейi орналасты.
Ғимарат ХХ ғасырдың басындағы шет аймақтық көпестiк қаланың тарихи жайғасымының үлгiсi және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.