
1915 жыл. Театральная көшесi, 42 мекне-жайында орналасқан.
Сәулетшi С.А. Гранильщиков. 1915 жылы құрылысы аяқталған, сулы жылытуымен 1913 жылы қалалық басқарма рұқсатымен Романов үйiнiң 300 жылдығына орай үй шiркеуiмен екi қабатты қалалық училище салу басталды.
Екi қабатты сулы жылытуы бар ғимарат үй шiркеуi жаңалық болды. Астыңғы және үстiңгi қабаттардағы бөренелер темiр бетонды, еденi вестибюльдi, залда және кiреберiс жерде-бетонды, ал бөлмелерде ағаш.
1917 жылдан кейiн ғимаратта екiншi деңгейлi мектеп және басқа да оқу мекемелерi орналасты. 1942 жылы Ленинградтан механика-конструкторлық кеме жасау техникумы көшiрiлдi, кейiн механикалық техникум болып қайта құрылды.
Қазiргi уақытта онда экономикалық-техникалық бiлiм кешенi (колледж) орналасқан.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi, 20 ғ. басында жоспарлы кешендi кiрпiштi құрылысқа сипаттама болып табылады.
Материалдар Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.