Қазақстан Конституциясы көшесi 17-үйде орналасқан.
Ғимарат М.К. Шамсутдиновпен салынған. Ол үйде кейiнiректе Назметдинова және Ко. серiктестiгi тұрған. Кеңес үкiметiнiң алғашқы жылдарында бұл ғимаратта көпшiлiктiң қолы жететiн ақылы амбулатория орналасты, одан кейiн, бiрiншi қабатында қалалық дәрiхана орналасқан. Екiншi қабатында көптеген жылдар Қазақстанның Коммунистiк партиясының Петропавл қалалық комитетi отырған.
Бұл ескерткiш — екi қабатты кiрпiш ғимарат, жоспарда тiкбұрышты. Екiншi қабатына бүйiр жақ сыртқы қабырғада кең ағаш мерекелiк саты орналасқан. Басты қасбетi кiрпiшпен қаланған мәнерлi элементтермен зерленген және парапеттi жаппа қабырғаларымен, кiрпiш тiрекшелермен аяқталады. Екiншi қабат интерьерiнде дәлiзде орналасқан көрiктi арка түрiнде есiк ойындысы бар. Фундаменттерi кiрпiш ленталы, аражабын — ағаштан, жылуұстағыш, жаппасы — темiр су ағатын тұрбалармен жабдықталған.
Ғимарат қаланың архитектуралық мұрасы болып табылады және iскерлiк және саудаға бағытталған жоспарлық кешендi кiрпiштен салынған құрылысты бiлдiредi, XIX-ХХ ғасырдың басы үшiн сипатты провинциалдық көпестiк қаланың тарихи жоспарламалы үлгiсi болып табылады.
Материалдары Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейiнiң қорында, Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдениет қорын сақтау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.
Ғимарат облисполкомның шешiмiмен қорғауға алынған (11.11.79 ж. № 478)