1891 жыл. Қазақстан Конституция көшесi, 48 мекен-жайында орналасқан.
Үй саудагер Т.А. Аркельге тиесiлi едi. Жоғарғы қабатты «Орталық» қонақ үй иелендi, төменгi қабатта дайын көйлектер дүкенi орналасты. Дәлелденбеген мәлiметтер бойынша, 1920 ж. 21 қарашада бұл ғимаратта Мәскеу және Петроград жұмысшыларының ашаршылыққа ұшырағандарға көмек сұрап М.И. Калинин сөз сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдары ғимарат өлкетану мұражайын ұйымдастыру үшiн берiлген, үстiңгi қабаты тұтастай және бiрiншi қабатының бiр бөлмесiн экспозициялық зал үшiн бөлiп берген. ХХ ғ. 80 ж. ескерткiш алдағы уақытта тарихи-өлкетану мұражай экспозициялық алаң ғимарат кешенiне енгiзiлдi. 2005 ж қайта құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Қазiргi уақытта Аркель үйi көршiлес ғимараттар кешенiмен, облыс тарихы экспозициясы алаңының бiр бөлiгi мен әкiмшiлiк бөлменiң бiр бөлiгiн және басты мұражай қоймасы болып табылады.
Жоғалған элементтер жоқ, ғимараттың iшкi бөлмесi аз-маз қайта құруға ұшырады.
Ғимарат-Г-тәрiздi пiшiндi, екiқабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм, күйген кiрпiштен қаланған. Iргетасы кiрпiштен қаланған. Жабу құрылысы және шатыры-ағаш. Шатыр темiр дабынмен қапталған. Ғимарат қасбетi кiрпiштен қаланған сәндiк элементтермен безендiрiлген. Бiрiншi қабат бойынша «жақ тәрiздi» пiшiндi қалау терезе ойықтарын аяқтайды. Екiншi қабатындағы терезе ойықтары сәулеттiк этементтермен безендiрiлген. Ғимараттың басты қасбетiнде орналасқан нәзiк тормен қапталған екi жайма балкон бар. Жалпы ауданы — 793,94 шаршы метр. Ғимараттың сәулеттiк бейнесi 19 ғ. соңы — 20 ғ. басына — «эклектика» ағымына тән.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi , 19-20 ғғ. басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кiрпiштi құрылысқа сауда және қызметтiк сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретiнде қызығушылық танытады.
1891 жыл. Қазақстан Конституция көшесi, 44 мекен-жайында орналасқан.
Ескерткiш — Стрелов көпестiң үйi болған — ХХ ғ. соңында салынған. Кеңес уақытында бұл ғимаратта Солтүстiк Қазақстан облыстық әскери комиссариат болған. Ғимараттың бiрiншiқабаты көп жылдар бойы өндiрiстiк тауарлар дүкенi болды. 30-70 жылдары ғимаратты облыстық әскери комиссариат иелендi. ХХ ғ. 80 жылдары ғимаратты өлкетану мұражайын ұйымдастыруға бердi. Осы кезден бастап ескерткiш болашақ тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялық кеңiстiгiнiң ғимарат кешенiне ендi. 2005 ж. қайта құру және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Ғимарат-Г-тәрiздi пiшiндi, екiқабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм, күйген кiрпiштен қаланған. Қабаттар арасындағы байланыс iшкi баспалдақ арқылы жүзеге асады. Жалпы ауданы — 417,12 шаршы метр. Ғимараттың сәулеттiк келбетi (өңi) 19 ғ. соңы-20 ғ. басына — «Эклетика» ағымына тән.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi, 19-20 ғғ. басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кiрпiштi құрылысқа сауда және қызметтiк сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретiнде қызығушылық танытады.