Қазақстан Конституциясы, 24.
Үй XIX ғасырдың екiншi жартысында салынды. Революцияға дейiн бакалеялық тауарларды сататын көпес Шакиржан Шафеевқа тиесiлi болған.
Ғимаратқа зерттеу жүргiзгенде қайта салулар мен құрылыстар жүргiзгенi анықталды, соның нәтижесiнде ғимарат жоспары күрделi құрылымға жеткен. Қасбетi бай рельефтi кiрпiшпен қаланып декорланған. Екiншi қабат интерьерiнде мәнерленген керамикамен (шамасы түрлi түстi) қаптамаланған пештер және төбе плафондарының бiр бөлiгi сақталған. Баспалдақ толарының маталдан жасалған қоршау сүйенiштерi қызықты. Аулаға қақпа мен есiкше, шамасы, тас бағаналарымен бiрге жоғалған.
Ғимарат қаланың архитектуралық мұрасы болып табылады және iскерлiк және саудаға бағытталған жоспарлық кешендi кiрпiштен салынған құрылысты бiлдiредi, XIX-ХХ ғасырдың басы үшiн сипатты провинциалдық көпестiк қаланың тарихи жоспарламалы үлгiсi болып табылады.
Материалдары Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейiнiң қорында, Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасының тарихи-мәдениет қорын сақтау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.
Ғимарат Петропавл қалалық исполкомның шешiмiмен қорғауға алынған (18.03.82 ж. № 115).