Жаңа мешіт

Петропавл қаласының 20 ықшамауданында Жәлел Қизатов және Жуков көшелерiнiң қиылысында 2018 жылдың 28 тамызында ашылды. Мешiт 500 орынға шақталған және қайырылымдық қаржысына салынды.Жалпы көлемi 1,4 га, мешiт ғимаратының аумағы 2 793 ш.м. құрайды. Ғимарат монументалды порталы бар үш деңгейлi және биiктiгi 42 метр төрт минареттi. Жаңа мешiт барлық канондар және ислам дәстүрлерi сақталып салынған. Құрылысы 2014…

«Қызылжар» орталық мешiтi

Қызылжарлық мешiтi қала құрылысы және сәулет өнерiнiң ескерткiшi (2005 жыл).Сауд Арабиясының Корольдігіне ресми сапары кезінде осы нысанды тұрғызуға қайырымдылық көмек ретінде 2 миллион АҚШ доллары бөлінуіне Елбасының қол жеткізгендігі белгілі. Сонымен бірге қосымша 80 миллион теңге бөлінген. Сондықтан мешіттің Сауд Арабиясының Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Сұлтан бен Әбдел Азиз және Елбасымыз бөлген қаражатқа салынғандығы ғимараттың…

Халитов мешіті

19 ғ. соңы. Жамбыл көшесi 160 мекен-жайында орналасқан.Ғимарат 19 ғ. соңында көпес Халит Янгуразовпен «татарлар тұратын ауылда» салынған. Ғимарат Янгуразовтар мекенжайының көпестiк кешенiне енгiзiлген болатын. 1917 ж. кейiн ғимаратты бiлiм саласының әртүрлi мекемелерi иелендi. 20 ғ. 60-80 жж. бұл жерде спорт мектебi болды. Қазiргi уақытта мешiт Петропавл қ. мұсылман қауымына берiлген.ХХ ғ. басында мешiт мұнарасы…

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент

2005 жылы 31 мамырда саяси құғын-сүргiн құрбандарына арналған ескерткiш ашылды.Ескерткiш өткен жүзжылдықтың отызыншы жылдары НКВД ғимараты орналасқан жерге қойылды. Ескерткiштi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Тайыр Мансұров ашқан едi.Құғын-сүргiн жылдары 1465 солтүстiкқазақстандық атылды, 5-6 мыңнан астам жерлесiмiз түрмелерге қамалды және жер аударылды. Сонымен бiрге Петропавл қаласына бүкiл Кеңес Одағынан «халық жаулары» жер аударылды, соның iшiнде жазушы…

Ұлы Отан соғысының «Мәңгілік от» жауынгерлік Даңқ мемориалы

1979 жылы Театр алаңында (бұрын Базарная, Соборная, Вознесенская, Октябрьская деп аталған) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан солтүстiкқазақстандықтарды мәңгi есте қалдыру мақсатында «Мәңгiлiк алау» Ұлы Отан соғысының Жауынгерлiк Даңқ мемориалы ашылды. Мемориал 4 пилоннан тұратын мүсiндiк-сәулеттiк композиция болып табылады. Пилондар шеңбер бойынша орналастырылған, ортасында «Мәңгiлiк алау». Пилондарда «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан солтүстiкқазақстандықтар…

Бәйкен Әшімовтің бюсті

2017 жылғы 4 тамызда Петропавл қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткерi, Ұлы Отан соғысының ардагерi, Социалистiк Еңбек Ерi, Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы — Бәйкен Әшiмұлы Әшiмовтiң бюсi ашылды.