1979 жылы Театр алаңында (бұрын Базарная, Соборная, Вознесенская, Октябрьская деп аталған) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан солтүстiкқазақстандықтарды мәңгi есте қалдыру мақсатында «Мәңгiлiк алау» Ұлы Отан соғысының Жауынгерлiк Даңқ мемориалы ашылды.
Мемориал 4 пилоннан тұратын мүсiндiк-сәулеттiк композиция болып табылады. Пилондар шеңбер бойынша орналастырылған, ортасында «Мәңгiлiк алау». Пилондарда «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан солтүстiкқазақстандықтар мәңгi есiмiзде» жазуы бар.
Мемориалды халықтың Кеңес үкiметi үшiн күрестегi бiрлiгiн бiлдiретiн мүсiндiк топ ашады: сол жағында — ат үстiндегi қазақ баласы, жанында туды желбiреткен қызыл гвардия жауынгерi.