
Александр Егорович Липовой 1928 жылғы 20 мамырда Ресей Брянск облысы Гордеевский ауданы Стругов-Буда селосында туған.
Партия және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. 1949 жылы Читадағы энергетикалық темір жол көлігі техникумын, 1961 жылы Томск темір жол көлігі инженерлерінің электр техникалық институтын аяқтаған. Еңбек жолын 1949 жылы Петропавл қаласында темір жол бөлімінде бастаған. 1969–1976 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл электр желілері кәсіпорынында істеген.
1974–76 Петропавл қалалық атқарушы комитетінде, 1976–1980 — облыстық атқарушы комитетінің 1-ші орынбасары, 1980–1988 — Петропавл қалалық комитетінің 1-ші хатшысы. Үш Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.