С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Александр Федорович Карушин 1923 жылы 7 тамызда Петропавл қаласында әскери қызметкердің отбасында туған. 1929 жылы ата-анасымен Свердлов қаласына қоныс аударған, сондағы № 67 мектепті және аэроклуб курсын бітірген. Қызыл әскер қатарына 1941 жылы алынған.

Эскадрилья командирі гвардия лейтенанты Александр Карушин 1943 жылдың шілдесінде жаудың қаптаған зениті мен авиациясына қарамай 25 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтерілді. 1943 жылдың 11 шілдесінде жауынгерлік тапсырыстан оралып келе жатқанда оның ұшағы шабуылға ұшырап, өзі ауыр жараланды. Соған қарамастан ол ұшағын аэродромға аман-есен қондырады. 1943 жылдың 28 тамызында Ахтыр ауданы маңында Ворсила өзенінен өтетін өткелді жою жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Карушиннің ұшағы жерге құлап, ал ұшқыштың өзі қолынан жараланды. Осыған қарамастан тапсырыс ойдағыдай орындалды.
1943 жылдың қазан-қарашасында Днепрден өту үшін және Киевті азат ету үшін болған шайқастарда А.Карушин 38 рет жаудың бекіністеріне шабуыл жасады. 1943 жылдың 3 қарашасында Киевтің солтүстігіне орналасқан жауға шабуыл жасағанда олардың 5 танкісін, 8 автокөлігін, 30 солдат-офицерін жойды.
1944 жылдың тамызына дейін майдангер гитлершілердің әскери техникасы мен жауынгерлерін бомбалауға және шабуыл жасау үшін 104 рет аспанға көтерілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Александр Федорович Карушинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін даңқты батыр әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырды.
/ Soltustik Qazaqstan.-28 тамыз.-5 бет.-2021 жыл.