
Мишин Анотолий Иванович 1940 жылғы 2 тамызда РФ, Белгород облысында дүниеге келген.
Білімі — жоғары, Омбы теміржол көлігі инженерлері институты, 1982–1988 жылдар.
Анотолий Иванович 1962 жылдан бастап Тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндеу кәсіпорнында оқушы, радио-механик, бас инженер болып істеген, ал 1966 жылы «Облбытрадиотехника» кәсіпорнының директоры болды, оны 32 жыл бойы басқарды. Осы жылдар ішінде күшті материалдық-техникалық база құрылып, тұрмыстық радиоаппаратураларды жөндейтін 700-ден аса радиомеханик дайындалды, олар күні бүгінге дейін жұмыс істеуде.
Халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсы ұйымдастырғаны үшін 1982 жылы Анотолий Иванович басқарған «Облбытрадиотехника» кәсіпорны КСРО Министрлер Кеңесі, КОКП ОК ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.
Анотолий Иванович — ел Президенті Н. Назарбаевтың үш алғыс хатымен, белсенді депутаттық жұмысы үшін Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған, сондай-ақ «Құрмет белгісі» ордені, медальдары бар, «КСРО құрметті радисті» атағын алып жүр. Анотолий Ивановичке Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына шығарылған күміс Естелік белгі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдары тапсырылды және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Арынды жігер, адам сүйгіш және жоғары азаматтық жауапкершілік адамы, ол өмір бойы белсенді қоғамдық жұмыспен айналысады. Сегіз рет әр кезде шақырылған қалалық халық депутаттары кеңесіне депутат және Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды (1–4 шақыру), барлығы 28 жыл.
Әрқашан қала тұрғындарының мүдделерін қорғап, оларға керекті мәселелерді шешуде көмектесті. Өзінің барлық депутаттық қызметінде әрдайым халық денсаулығы және оны әлеуметтік қорғау, экономика және білім бюджеті мәселелері жөніндегі депутаттық комиссияларды басқарды:
- АРЭМ департаменті сараптау комиссиясының мүшесі бола тұра, қолданыстағы жылу, газ, жарық, суға тарифтердің төмендеуіне қол жеткізді. Нәтиже — Солтүстік өңірде қолданыстағы ең төмен тариф.
- отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызмет төлемі мен күрделі жөндеу жүргізуге тұрғын үй көмегінің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізу және басқаларға бастамашы болды.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының Бюро мүшесі, 4-ші шақырылған Петропавл қалалық «Нұр Отан» ХДП фракциясының төрағасы. Белсенді депутаттық қызметі үшін наградалары бар.