
1959 жылы туған. Петропавл педагогика институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. Велоспорттан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Еңбек жолын «Еңбек резервтері» Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамы облыстық кеңесінің велоспорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. Әскердегі қызметтен кейін Бескөл аудандық, облыстық спорт комитеті балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, «Динамо» облыстық кеңесінде велоспорттан жаттықтырушы, велосипед спорты бойынша арнаулы олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, аға жаттықтырушы-оқытушы болды. Қазір облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде велосипед спорты бойынша, аға жаттықтырушы-оқытушы болып істейді.
Сергей Кручина Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, белгілі велошабандоз Александр Винокуровтың бірінші жаттықтырушысы. Ол Қазақстан Республикасының 10 спорт шеберін, 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін даярлады. Оның шәкірттерінің ішінде КСРО біріншілігінің қола жүлдегері В.Сизиков, КСРО оқушылар арасындағы спартакиада чемпионы А.Мартынович, Азия ойындарының күміс жүлдегері А.Надобенко бар. Оның басшылығымен велоспорттан облыстың құрама командасы еліміздегі үздіктердің бірі болуда, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуде. Ол әріптестері, спортшылар арасында үлкен беделге ие. Саламатты өмір салтын ұстайды, балық аулаумен, шаңғы тебумен айналысады.