
1986 жылы туған, білімі жоғары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірді, Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері.
Маргарита Евгеньевна орталық спорттық әскерлер клубында қызмет етеді, Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының құрамына кіреді, әлеуеті жоғары, ең беделді заманауи турнирларға қатысуда табысты тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясының, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы болып табылады. Ол Азия Ойындарының екі дүркін чемпионы, төрт Азия чемпионатының жүлдегері, «Азия жұлдыздары» халықаралық жарыстарының чемпионы, қорытындысы бойынша 2012 жылғы әлемнің он үздік атлеттерінің қатарына енген Лондон Олимпиадасы Ойындарының қатысушысы.
М.Е. Мукашеваның Қазан қаласындағы 2013 жылғы XXVII Жазғы Дүние жүзілік Универсиададағы жеңісі ерекше маңызды, онда ол 800 метр қашықтыққа жүгіруден ұлттық рекорд жасады.
М.Е. Мукашева қатты мінезді, қажырлы және жеңіске деген жігері бар, жоғары дене күші жүктемесіне төзімді, өзінің спорттық қалпын жылдан жылға арттыратын қайратты, ер жүрек, мақсатты спортшы.
Маргарита Евгеньевна шынайы, тіл табыса білетін, қайырымды адам. Оның жауапкершілігі, міндетін сезіну, жоғары азаматтық белсенділігі әріптестері, спортшылар, жұртшылық арасында құрмет тудырды.