Сөздің шыны сол, кеңес заманында бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы жаман болған жоқ. Қиындықтардың бәрі нарықтан басталды. Осылай «Soltustik Qazaqstan» газеті де шөміштен қағылды. Мен редакция тізгінін қолыма алған 2003 жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 4 миллион теңгенің ар жақ, бер жағында еді. Бұл дегеніңіз, газет те, онда қызмет істейтін журналистер де өлместің күнін кешті деген сөз. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, сол кезде белді деген тілшілердің өздері 10 мың теңге айлықты қанағат тұтуға мәжбүр болды.
«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағьт жақындап қалғанда облысқа жаңа басшы болып Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров келді. Біздін бағымызға қарай ол кісі нағыз руханияттын жанашыры болып шықты. Сөйтіп редакцияның бағы жанды: газеттін таралымы бірден 3 еседей өсіп, 10 мың данаға жетті, «жұмырткадан жүн қырыққан» жылпостардын уысында кеткен баспа үйі мәселесі де тез шешіліп, жаңа қонысқа көштік. Мәселенін ең қиыны — мемлекеттік «тапсырыс еді, оның да түйіні тарқатылып, көлемі бірден 10 есеге ұлғайтыдды.

Өңір басшысының ұйғарымымен облыстық бюджетген бөлінген қомақты қаржыға редакция үшін бірнеше жаңа компьютерлер, басқа да жабдықтар сатып алынды. Облыс әкімі редакцияға жаңа «Волга» жеңіл автокөлігін тарту етті. Жас журналист марқұм Алтай Сұлтанға жаңа салынған тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер бөлдірді.
Кешікпей Тайыр Аймұхаметұлы «Soltustik Qazaqstan» газетінін алғашқы нөмірінін жарық көргеніне 85 жыл толу мерекесін атап өту жөніңде бастама көтерді. Өз ойын редакция ұжымымен кездесу үстінде жария етті.
Іле ғимаратты жөндеуге 22 миллион тенге қаржы бөлінді. Жаз айларында жүргізілген жөндеу жұмыстарынын нәтижесінде редакция үйі адам танымастай өзгерді.
Газеттің 85 жылдығын бұкіл халық болып тойладық. Осы тойға қатысқан «Қостанай таңы» газетінің сол кездегі бас редакторы Жайберген Болатов кейін былай деп жазды: «Қазіргі танда «Soltiistik Qazaqstan» газеті – Арқадағы айдарынан жел ескен, тіршіліктің талай-талай толғақты мәселелерін тартынбай көтере білетін, қазағы түгіл орысы да сыйлайтын беделді баспасөздін бірі десек, артық айта коймаспыз».
Айта берсек, Тайыр Аймұхаметұлының қалам ұстаған қауымға жасаған осындай қамқорлығы өте көп. Әрине мұндай жақсылықтарды ұмытуға болмайды. Дәл бүгін өткенді тірілтіп, жаңартып, жаңғырықтыруыма себеп болып отырған тағы бір жайт, Қызылжар өңірінің тарихында жарық көрген тұңғыш қалалық қазақ газеті — «Qyzyljar nury»-ның алғашқы санының оқырмандар қолына тигеніне 20 жыл толды.
Бұл да кезінде қуанышымызды еселеген ұлкен оқиға болған еді. Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет қазақ тілінде қалалық газет шығару туралы мәселе кейбіреулерге өзінен-өзі шешіле қалғандай көрінуі мұмкін. Бұл мәселе кептен көкейімізде жүрсе де, алдымен облыстық газеттін жұмысын бір арнаға түсіріп алайықшы деген ойдың шырмауынан шыға алмай жүрген едік. Күндердің күнінде, ылғи жартысы жарнамамен сықиып шығатын бір газеттің құрылтайшылары қала әкімдігінің колдауымен қазақ тілінде қосымша беретін болыпты деген хабарды естідік. Әрине, ерте кезде мұндай бастама көтеріліп жатса, оған қуана қол соғар едік. Қазір заман басқа, жағдай басқа. Ойланьш қалдық. «Бұлай істеуге болмайды, бұл мемлекеттік тілді менсінбеу, егер қазақ оқырмандарына шын жандарыңыз ашыса, жеке газет шығару керек» десек, қалалық әкімдіктегілер илігер емес. Әлгі газетті шығарушылардың ниеттері белгілі, олардын көкейін тесіп бара жатқан бір-ак нәрсе, ол — мемлекеттік тапсырыс есебінен біраз қаржыны қағып тұсу. Жарайды, оған да көнуге болар еді, бірақ сол қосымшаны дайындайтын журналистері де жоқ. Оның аяғы неге апарып соқтыратынын білеміз. Ақыры, бұл мәселені Тайыр Аймұхаметұлының алдына қоюға тура келді. Ол: «Мемлекеттік тілге олай қарауға болмайды, бұл мәселені жан-жақты ойластыру керек», — деп тоқе-терін бір-ақ айтты. Содан кейін маған қарап:
— Қалай ойлайсын, қалалық газет керек пе? — деді.
— Керек, — дедім ойланбастан. — Қазір облыс орталығында қазақтар көбейді. Жан-жақтан көшіп келіп жатқандар аз емес.
— Олай болса, осы мәселені қолға алып, газет шығару керек, өзіне тапсырамын, – деді.
— Редакторлыққа кімді ұйғарып отырсыздар?
Мен газет қызметінде тәжірибесі мол, жауапкершілігі зор, өз ісіне адал азамат Зарап Құсайыновты ұсындым.
Уақыт тығыз болғанмен, газеттің алғашқы санынан-ақ өз бейнесі болғанын қалап, көп іздендік. Сол құндері біздің қуанышымызды бөліскендер де аз болмады.
«Сонау жауқазындай жайнаған жас кезімде өзім қалам тартқан сүйікті газетім «Soltiistik Qazaqstan» еді. Енді шөбере сүйген қарт сияқты «Qyzyljar nury» газетін айдарынан иіскеймін. Жолың болғай, жас сәби! Өмір ағысы тынбай алға ағар. Заман жасарар. Сен де сол заманның заңғары боларсың, жас, жаңа басылым! Аталық ақ тілегім осы», — деген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлыктың иегері, жерлесіміз Сафуан Шаймерденовтін жылы сөздері де жүрегімізді тебірентті.
Содан бері жиырма жыл өте шығыпты. Бұл былай алып қарағанда көп уақыт емес, аз мерзім деуге де келмейді. Осы арада алғашқы жылдары газеттің «отымен кіріп, күлімен шыққандарды» атай кетсем, артық болмас. Олар, газет жұмысына 11 жыл бойы басшылық жасаған Зарап Құсайынов, редактордын орынбасары — Мұрат Нұрмұқанов, жауапты хатшы — Ермек Құсайынов, безендірушілер – Ақжол Балағанов, Гүлмира Кенжетаева, корректорлар – Шайзат Сүйіндікова мен Айгүл Хамзина, уақытпен санаспай еңбек етіп, жаңа басылымның мазмұнды әрі сапалы шығуына, жеке газет ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірді.
Кейін олардың қатарына Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі Амандық Жантеміров, тәжірибелі қаламгерлер Жоламан Шаханов, Қошан Қали, Алтай Сұлтан, Жадыра Есенгелді, жас журналистер Жарқын Жұпархан, Дулат Қожахметов, Фархат Тастамбеков және т.б. қосылды. Соларлардың жансебіл еңбегінің, тынымсыз ізденісінің нәтижесінде газет өзінің бағытбағдарын анықтап, оқырмандарын тапты.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — өткен кезеңде атқарылған істер шын мәнінде ұлан-ғайыр. Десек те бүгінгідей мың құбылып тұрған заманда газет ұжымы шешетін міндеттер бұрынғыдан күрделілене түспесе, жеңілдемек емес. Әсіресе газет оқырмандары қатарының баяу толығуы көңіл құлазытады. Демек, басылым ұлтым, туған тілім деген азаматтардын қолдауына әлі де зәру. Жерлестеріміз, қалалықтар осыны ескерсе екен деймін. «Бақ бағалағанның басында тұрады» деген ағалар өсиетін ұмытпайық, ағайын!
Баға жетпес құндылықтарымыздың бірі — «Qyzyljar nury»-ның өркені өсе берсін!
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,
жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының
иегері.
Сүлейменов Ж. Қала өмірінің айнасы // Солтүстік Қазақстан.- 2025.-7 қантар.-8 б.