Шалқар рекреациялық аймағы орташа таулы рельефiмен сипатталады. Шалқар көлi су бетiнiң аумағы 3241 га құрайды, айналасы аралас және қарағайлы орман, пiшiнi бойынша таға тәрiздес. Көлдiң оңтүстiк жағында емдiк балшық бар. Суы тұзды, барынша таза, тереңдiгi он метрге дейiн, құрамы бойынша Қара теңiздiң суына сәйкес, терi ауруларын емдеуге шипалы. Жағажай аймағы құмды, кей жерлерi тасты. Көрнектi табиғи ескерткiшi «Тiлектер тауы» («гора Желаний») болып табылады.
Шалқар көлiмен қатар екi кiшiгiрiм көл жатыр: Айыртавчик және Глухое, олардан көптеген аңыздың лебi еседi. Балық аулауға құмартушылар жаз бойы алабұға, аққайран, тұқы, мөңке, рипус, ақтабан балықтарын аулай алады. Өзендер биiктiгi 500 метр «Ағайындылар» («Два брата») тауымен бөлiнiп тұр.
Бөктерi қылқанды орман, ұшар басында жарлы гранит кенi шығуда.