
1953 жылғы 18 шілдеде Петропавл қаласында туған.
Еңбек жолын 1971 жылы бастауыш сыныптың мұғалімі болып бастады. 1989 жылы оған қазақ тілінде оқытылатын бірінші сыныптың балаларын оқыту сенілді.
1994 жылы қазақ тілінде оқытатын мектептердің ашылуына байланысты Петропавл қаласы білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері лауазымына тағайындалды. Әдіскер ретінде оқушыларды қазақ тіліне оқыту жөнінде оқу-әдістемелік құрал әзірледі. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігімен мектептерде қолдануға рұқсат етілген 3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының бірлескен авторы. Қала тұрғындары арасында қазақ тілінде оқытуды насихаттауға белсенді қатысты, оның басшылығымен ана тілінде оқытатын № 6 орта мектеп және қалалық классикалық гимназия ашылды.
1999 жылы № 18 мектептің (аль-Фараби мектеп-лицейі) ашылуына байланысты директор болып тағайындалды. Кейін Петропавл қаласы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бастығы болып қалалық білім бөліміне ауыстырылды.
2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шарғия Жұманғалиқызы «№20 орта мектеп» КМК директоры болып істейді. Оның басшылығымен ұжымда педагогикалық шеберлік деңгейлерін арттыру бойынша педагогикалық технологиялар іздестіріліп, жұмыста табысты пайдаланылады. 2000 жылдан бастап мектеп М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы жұмыс істеді, 2003-2010 жылдары Оқу процесіне «Өзін – өзі тану» пәнін енгізу бойынша эксперименттік алаң болды. Пәндерді заманауи деңгейде сапалы оқыту мақсатында № 20 орта мектептің ұстаздары «Оқу шексіз» (Канада) Заманауи Педагогика орталығында дистанциялық оқудан өтуде.
«Өзін-өзі тану» пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге байланысты Шарғия Жұманғалиқызы педагогикалық кадрлар даярлау жөніндегі «Өрлеу» АҚ жетекшісі болып табылады.
Ол «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ белсенді мүшесі және Саясаткер әйелдер клубының мүшесі болып табылады.
Шарғия Жұманғалиқызы:
1992 жылы — «Қазақстан Республикасының білім үздігі белгісі,
1996 жылы — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2005 жылы — «Көп жылдық және ерлік еңбегі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және ұлттық мереке — Тәуелсіздік мерекесіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т. Мансұровтың грамотасы.
2009 жылы мемлекеттік тілді енгізуге сіңірген еңбегі үшін «Мемлекеттік тілді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан айтарлықтай үлесі үшін және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылуының 20 жылдығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.С. Біләловтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2012 жылы — Ы. Алтынсарин кеуде белгісі.
2012 жылы — «Ғылым және білім номинациясында «Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық мойындау ұлттық сыйлығы» республикалық конкурсының Бірінші Солтүстік Қазақстан облыстық турының лауреаты.