С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Ұлы Отан соғысына қатысып, көзсіз ерлігімен жеңісті жақындатқандардың бірі — Әбу Досмұхамбетовтің есімін Қызылжар жұртшылығы ерекше ілтипатпен атайды. 1985 жылы Петропавлдағы жалғыз қазақ мектебіне оның есімі берілді. Облысымыздың барлық түкпірінен жақсы оқитын, үлгілі тәртібімен көзге түсіп жүрген өрендер қабылданатын дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-гимназияның түлектері Әбу ағаларындай білімді, өр, өжет мінезді, елжанды, отаншыл болуға ұқсап бағуда.
Әбу Досмұхамбетов көзі тірісінде жастарға үлгі боларлық, ақылы мен қайраты кемел азамат болған. Жауынгердің жастық шағы туралы, азаматтық қырлары туралы маған Ұлы Отан соғысының ардагері, батырдың жиені — Сапар Дүйсенов ақсақал әңгімелеп берген еді. Оның білімге құмарлығы, ел басқаруға ептілігі туған жері -қазіргі Қызылжар, бұрынғы Бескөл ауданындағы Үшкөл ауылында жүргенде өн бойына ұялапты.
Қолдан жасалған аштықтан ел әбден қажып, жан-жаққа бас сауғалаған жылдары бала Әбудің отбасы да Ресейдің Қорған облысына қоныс аударады. Бұл кезінде Түмен облысының Ишим ауданынан бөлініп. 1924 жылы «Частоозер» аталған өңір еді. 1934 жылы аудан жаңадан ашылған Челябинск облысының құрамында болыл, Мәкөшін ауданы аталған. Кейін Петухов ауданына қосылған. 1972 жылы қайта ашылады. «Память народа 1941-1945 г.г.» деген анықтамалықта Әбудің аталмыш аудандардың тумасы болып керсетілуінің сыры осында жатыр.
Ресей аумағына көшіп барғанда Әбу 11 жастағы бала екен. Осы жердегі бастауыш мектепте төрт жыл орысша оқып, кілең қазақтардан құрылған «Жаңажол» кеңшары бастығының орынбасары болып сайланады. Ал 1939 жылы Қызыл армия қатарына шақырылады. Ол кездегі әскер мерзімі бір жыл. Әбу міндетін абыроймен атқарып келген соң оны кеңшар басшыларын даярлайтын алты айлық курсқа оқуға жібереді.
Дәл осы кезде сұралыл соғыс басталып. Әбу ойланбастан соғысқа аттанады. Орыс тілін білетін, сол кездегі талапқа сай білімі бар, әрі басқарушылыққа қабілетті жасты әскер басшылығы кіші офицерлер даярлайтын курсқа жіберген. Бұл қысқа мерзімде кіші лейтенанттар даярлайтын оқу орны болатын. Онда тек оқуды үздік бітірген, зейінді жастарға ғана лейтенант атағы берілетін. Әбу осылардың қатарынан табылып, бірден лейтенант атағын алады.
1941 жылдың күзінде Семей мен Аягөз қалаларында негізінен Қазақстанның Шығыс және Солтүстік өңірлерінен шақырылған жауынгерлерден 458-ші атқыштар дивизиясы жасақталған. 1942 жылы ол 8-ші атқыштар дивизиясы аталады. 1944 жылы дивизия Ямпол қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін «Ямпольская» деген құрметті атақ алған.
Әбу Досмұхамбетов осы дивизияның 229-шы полкіне взвод командирі болып тағайындалады. Дивизия 1942 жылдың наурыз айында соғысқа кіріп, 1945 жылдың 9 мамырына дейін Воронеж, Днепр, Десна, Припять өзендерінен өтіп, Украина қалаларын азат етіп, Прага бағытына қарай майдан жолдарына бет алған.
Қан майданның белортасында, оқ пен оттың арасында журген қазақ ұланы өзінің жауынгерлік міндетін орындауда ел намысын бермей, әрқашан биіктен көрінген. 1943 жылы ол жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Бұл туралы Брянск майданының 8-ші атқыштар дивизиясы бойынша 1943 жылдың 12 ақпанында жарияланған бұйрықта былай делінген: «Орденом Красной Звезды награждается: Командир стр. взвода отдельного учебного батальона 8 стр. дивизии лейтенант Абу Дусухамбетов».
Айта кететін жайт, Әбудің фамилиясы барлық құжаттарда Дусухамбетов, ал әскерге шақырылған жері деген орында «Макушинский РВК, Челябинская обл., Макушинский р-н» деп көрсетілген. Біздің жоғарыда айтқанымыздай, ол кезде Жаңажол кеңшары Мәкөшін ауданына қараған екен. Ал наградаға ұсыну туралы құжатта былай деп жазылған: «В боях за Родину с 26 по 28 января 1943 г. при взятии гор.Касторное, умело руководил своим подразделе-нием, проявил отвагу, мужество и героизм. Личным примером увлекал бойцов на боевые подвиги. Решительно и смело вел бойцов на штурм города с возгласом «за Родину!», «за Сталина!», ворвался с бойцами на улицы города. Сам лично огнем и штыком уничтожил до двух десятков гитлеровцев».
Касторное — Ресейдің Курск облысындағы қала типтес кент. Дон өзені бассейніне жататын Олым тармағының бойында орналасқан, тұрғындар саны бес мыңға жуық. 1943 жылдың 25 шілдесінде ағамыз «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен наград-тапған. Бір қызығы, мұндағы марапаттау қағазында оның әскерге аттанған орнына Қорған облысы Петухово ауданы жазылған, Бұл екінші рет соғысқа шақырылғандығы болса керек, ал алдындағысы 1939 жылы кезекті әскери борышын өтеуге алынғандығы сияқты. Сол екі ортада Жаңажол кеңшары басқа облыс, басқа ауданға беріліпті.
Әбу ағамыздың бір жылдың ішінде әскери атағы өсіп, қызметі жоғарылайды. Ал осы жылғы күзде оның ротасы алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтеді. Қорғаныс министрлігінін орталық мұрағатында (ЦАМО) 1943 жылдың 16 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы да бар. Онда Әбуге Ленин ордені және Батыр атағының «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырыпатыны айтыпған. Ал марапаттау қағазында былай деп жазылған: «Рота Дусухамбетова в числе первых 22 сентября 1943 года переправилась на правый берег Днепра и захватила плацдарм у деревни Верхние Жары, прикрыв огнём переправу других подразделений полка». Бұл 22 қыркүйектегі оқиға. Батыр атағын беру туралы жарлық шыққанша Әбу Досмұхамбетов 5 қазандағы Чернобыль қаласын алу шайқасы кезінде неміс танкісінін астына минаны сүйреп жеткізіп, оны жарады. Бұл туралы сол шайқасты көзімен көрген полковник Владимир Смирнов «Вокруг света» журналына былай деп жазды: «…И в эту минуту смертельной опасности командир батальона Петр Ваюк и командир роты, старший лейтенант Абу Дусухамбетов, ставший в эти тяжелые дни заместителем Баюка по политчасти, уже раненые поползли навстречу танкам врага. Они тянули за собой на проволоке противотанковые мины. Баюк напряг последние силы, поднялся и бросил мину под гусеницы. Взрыв. Танк остановился. То же сделал Абу…» («На Днепре в сорок третьем», «Вокруг света», №9. 1983 год). Бұл уақытта екі ер де Батыр атағына ұсынылып қойған соң болуы керек, соңғы ерліктеріне марапат берілмепті.
«Подвиг народа» порталындағы деректерде Әбу Досмұхамбетовтың қаза болған күнін көрсеткен құжат та бар. Ол «Именной список безвозвратных потерь офицерского состава 229 стрелкового ордена Суворова полка Ямлольской дивизии» деп аталған. Мұнда Әбу Досмұхамбетовтың Чернобыль қаласын алу кезінде Припять өзенінің бойындағы көпірден 600 метрдей жерде қаза талқаны айтылған. Осы деректе Әбумен бірге 5 қазанда, бір күнде қайтыс болған Петр Ваюктің есімін неге көрсетпегені белгісіз. Соғыс кезінде құжаттарды тиянақты толтыруға мүмкіндік бола бермегені осыдан аңғарылады.
1966 жылы Чернобыль қаласының пионерлері Әбудің анасы — Қайша апамызға хат жазып, орталық паркке қатар жерленген Көңес Одағының Батырлары Әбу Досмұхамбетов пен Петр Баюктің зираттарын күтуді өз мойындарына алғандарын айтады. Әбудің қайда жерленгені сонда белгілі болып, анасы мен інісі және жиені Сапар Дүйсөнов ағамыз оның басына барыл, зиярат етіп қайтқан.
Міне, батыр ағамыз туралы осы шағын деректі де жерлестеріміз біле жүрсін деген ниетпен жазып отырмыз. Бұл, әсіресе, Әбудің есімімен аталған дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-гимназия ұстаздарына, түлек-теріне қажет дөп ойлаймыз.
Жақсыбай САМРАТ, журналист.
/ Солтүстік Қазақстан.-9 мамыр.- 2020 жыл.