С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы, журналист. Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған қалаларынан арнайы келген меймандар қатысты.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов туынды авторы Айтбай Сәулебекке алғыс білдіріп, облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті.

Дала данышпаны атанған, әділдігімен үш жүзге аты жайылған Тоқсан би туралы кітаптын тұсауын тарих ғылымдарынын докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, филология ғылымдарынын докторы, профессор, ақын Бауыржан Жақып, белгілі ақын, журналист Ақылбек Шаяхмет, Омбы қаласындағы Қазақ мәдениеті орталығынын жетекшісі, Қазақ станның еңбек сінірген қайраткері Алтынай Жүнісова мен облысымыздын құрметті азаматы Құдайберген Қалиев кесті.

Содан кейін сөз алған Аманжол Күзембайұлы, Бауыржан Жақып, Бүркітбай Аяған, Алтынай Жүнісовалар өмірі мен шығармашылығы әлі толық зерттелмеген Тоқсан би туралы мәліметтерді жинап, оқырмандар қауымына ұсынып отырған А. Сәулебекке жүрекжарды лебіздерін білдіріп, кітап туралы пікірлерімен бөлісті. Сөз алғандардың қатарында кітапқа «Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеген» атты еңбегі енгізілген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет көршілес жатқан Қостанай облысының атынан кітап авторынын арқасына шапан жауып, кеудесіне «Бейімбет Майлин» төсбелгісін тақты. Шараға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдин авторға шығармашылық табыстар тіледі.
– Ұлттық ғылым академиясыньщ мұрағатында Тоқсан бидің араб тілінде жазған шешендік сөздері бар. Құнды дүниені қазақ тіліне аудардым. Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған дүниелерді де пайдалануға тура кедді. Кітапта Ресей мұрағатынан алынған құжаттар да көрініс тапқан. Тоқсан би бабамыздың кесенесін тұрғызуға, ас беруге, жинақ шығаруға қол ұшын берген Қызылжар азаматтарына алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Айтбай Сәулебек.
Автор бұл туындысын құрастырарда «Soltustik Qazaqstan» газетінде 1998-2000 жылдары жарияланған «Аңыз бен ақиқат» (С.Жұмабаев), «Тоқсан бидің бейіті ескерусіз қалмасын» (С. Жұмабаев), «Әр сөзі алтын болған асыл баба» (3. Әкімжанов), «Тоқсан бидің бейіті табылды» (К. Қопышев, Қ, Мұқанов, С.Жұмабаев) мақалаларын да пайдаланғанын айта кеткеніміз жөн болар.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
«Soltustik Qazaqstan».
Суреттерді тусірген
Шынғысхан БЕКМҰРАТ.
Құскенов С. Үш жүзге мәлім дара би // Солтүстік Қазақстан.- 2025.-14 қантар.-4 б.