Әдеби желтоқсан: Солтүстік Қазақстан ақын-жазушыларымен кездесу

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың тікелей эфирінде Солтүстік Қазақстанның жазушылары мен ақындарымен жылы кездесу өтті. Қысқы тақырыпқа, алдағы жаңа жыл мен Рождество мерекелеріне арналған өлеңдер мен шығармалар оқылды, сондай-ақ болашаққа арналған шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

«Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға» мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл

2020 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зылыйқа Бимақанова «Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға» тақырыбында туғанына 130 жыл толғалы отырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына…

Тікелей эфир «Ұлы Даланың Ұлы тарихы»

Бүгін С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың тікелей эфирінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбаймен кездесу 2020 жылдың мерейтойлық даталары — Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Сәбит Мұқановтың 120 жылдығын қорытындылауға арналады.Қазақстан Шығыс өркениеті ғана…

«Ұлы дала мұрасы»

«Ұлы Дала тұлғаларының даналық сөздері» кітабында көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғалардың, оның ішінде ойшылдардың, би-шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.