2021 жыл атаулы даталар мен әдеби мерейтойларға толы. Биыл бірқатар кітаптар мен шығармалардың мерейтойлары да атап өтілмек. Солардың ішінде Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының жазылғанына 50 жыл, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңіне, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасына және Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» романына — 80 жыл, А.Байтұрсыновтың «Маса жинағының жарық көргеніне — 110 жыл. Бұл кітаптардың жазылғанына талай жылдар өтсе де, олар әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл туындылар қазақ халқымен мәңгі бірге жасай беретін рухани дүние деп санауға әбден тұрады.