Виртуалды көрме «Край любимый, край заветный мой»

15 қаңтарда СҚО Тимирязев ауданының Дзержинский ауылдық кітапханасы әлеуметтік желілер беттерінде «Край любимый, край заветный мой»виртуалды көрмесін жариялады. Мақсаты: пайдаланушыларды Солтүстік Қазақстан облысының жазушылары мен ақындарының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқуға деген қызығушылықты арттыру. Виртуалды көрме туындылары патриоттық сезімді, өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілікті оятатын Солтүстік Қазақстан жерінің көрнекті ақындары, классиктері туралы баяндайды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=891998901570087&id=100022799556592

Поэзия кеші «Сыршыл ақын»

2021 жылдың 15 қаңтарында Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, ақын Әмина Шалабаеваның туғанына 105 жыл толуына орай тікелей эфирде «Сыршыл ақын» атты поэзия кеші өтті.