Ұлылар мекеніне жорық немесе «Егеменнің» экспедициясы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қызылжардан таң алагеуімде жолға шықтық. Бағытымыз – Айыртау ауданы. Ел газеті «Egemen Qazaqstan-ның Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Атамекен» экспедициясының құрамындамыз. Біз мінген шағын автобустың ішінде » Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда»-ның өңірдегі меншікті тілшілері Жақсыбай Самрат пен Әлия Икамбаева, «Северный Казахстан» басылымындағы әріптестерім және облыстық музейлер бірлестігінің қызметкері…