Алтын ғасырдың ән діңгегі
С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Биыл атақты әнші, композитор, ақын Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толады. Алты Алашты әнімен тербеген дауылпаз тұлға Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Бабамыздың ғұмырдариясына терең бойласақ; оның жастайынан білімге, өнерге құштар болғанын, әуелі ауылдан, кейін Қызылжардағы Уәли молдадан білім алғанын білеміз. Ақан серінің әр…