Судай сұлу, желдей екпінді
С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Ұшы, қиыры жоқ дариядай Сарыарқаның төрінде орналасқан көрікті Қызылжар мен Көкшетауды Алаш ақындарының ордасы болған жер десек, қателеспейміз. Алашқа атағы шыққан ақындарымыздың бірталайы Арқаның осы баурайында, орман-тоғайға толы аймағында туып-өскен. Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай, екі аяқты адамның ділмары, өткір тілді Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, аспанға…