«Қайсар жазушы» атты әдеби кеш

2024 жылдың 10 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қайсар жазушы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараны белгілі жазушы, журналист, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілщісі Жақсыбай Самрат жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, «Қаламгер» клубының мүшелері, Қожаберген…