«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…»

Ел арасында “Журналистика – аттың жалында, түйенің қомында жүріп, қызмет ететін кәсіп” деген сөз жиі айтылады. Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза: “Жорналшылар да түйе сияқты: арқалағаны – алтын, жегені – жантақ”, – деп әманда қызығынан қиындығы көп, жақсылыққа жаны құштар қоғам жаршыларының табиғатын дәл сипаттай білген. Күнделікті өмір құбылыстарын ой елегінен өткізіп, зерттеп-зерделеудің, сүбелі тақырыптар мен…