Сен ыстықсың біздерге
Құйма құлақ, шежіре қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы әріден басталады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы әр жерде рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен ірілі-ұсақты ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.) Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске…