Ұлт болам десең ауылыңды ойла

Балалығым-ай ауылда қалған Қайтқан қаздың тізбегі, Құмырсқаның іздері. Жан-жапырағын сарғайтты-ау Желменен желпіп күз демі. Жылқы жылдарым жарысып, Уақыт ауыздықпен алысып. Ақпанның айы — сары аяз, Кірпікке қары жабысып. Ауылға қарай беремін, Көздері қалған көненің. Күнге қақталып кебетін Құртын сағындым өренің. Торы атты мініп тағалап, Қойтасты жүрдік аралап. Қозы-лақ иісін сіңірген Қанжығамызда кереқап. Жұлдыздар ағып сөнерде…

Үш жүзге мәлім дара би

  С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы, журналист. Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған қалаларынан арнайы келген меймандар қатысты.  Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов туынды авторы…

Қала өмірінің айнасы

  Сөздің шыны сол, кеңес заманында бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы жаман болған жоқ. Қиындықтардың бәрі нарықтан басталды. Осылай «Soltustik Qazaqstan» газеті де шөміштен қағылды. Мен редакция тізгінін қолыма алған 2003 жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 4 миллион теңгенің ар жақ, бер жағында еді. Бұл дегеніңіз, газет те, онда қызмет істейтін журналистер де өлместің күнін кешті деген…

Қала өмірінің айнасы

Сөздің шыны сол, кеңес заманында бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы жаман болған жоқ. Қиындықтардың бәрі нарықтан басталды. Осылай «Soltustik Qazaqstan» газеті де шөміштен қағылды. Мен редакция тізгінін қолыма алған 2003 жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 4 миллион теңгенің ар жақ, бер жағында еді. Бұл дегеніңіз, газет те, онда қызмет істейтін журналистер де өлместің күнін кешті деген сөз.…

«Жыры жетсе болғаны арманына…»

  Қасиетті Қызылжар топырағы – небір асыл тұлғаларды, жақсы мен жайсаңдарды құндақтаған алтын бесік. Қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің қалыптасуына бастарын бәйгеге тіге жүріп зор еңбек сіңірген ардақты тұлғалардың біразы өмір керуенінен көштерін үзіп алса да, олардың арттарында мұрасын насихаттайтын жарлары, ұрпақтары қалды. Оқырманға өңірден шыққан белгілі тұлғалардың, қабырғалы қаламгерлердің өнегелі өмір жолдарын, айшықты іздерін…