Мұқанов мұрасы

  С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов тағылымы» деген атаумен Мұқанов оқулары өтті.   Шараның ашылуында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі Нұрхан Салауатов қаламгердің «Мен кіммін деп мақтанам?» атты өлеңін оқыды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманжол Зағыпардың арнауы…

Ерліктің ерен үлгісі

  Әкем ағасы Рүстемнің Венгрия жерінде жаумен шайқасқанын жиі еске алып отыратын. «Елден бір уыс топырақ та бұйырмады ғой!», – деп өкінетін. Марқұмның жерленген зиратына зиярат етіп қайту да бұйырмады. 1994 жылы 64 жасында өмірден озды.   Кіндік қанымыз тамып, туып-өскен жеріміз – Есіл ауданындағы бұрынғы Тілеп, қазіргі Мәдениет ауылы. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, атақонысымызды…

Шежіре-ғұмыр

  1967 жыл. Қаңтар айының алғашқы күндері КазГУ-дың үлкен акт залында елге әйгілі Сәбит Мұқановпен кездесу болды. Ертегідей шаһарды да, аңыз жазушыны да алғаш рет көргенім. Сәбең әзіл-оспаққа жүйрік, айтқыш ойнақы сөйлейді екен. Аудиторияны өз уысында ұстап, қызықты шығармашылық ойларымен бөлісті.   Есімде қалғаны: он алты томдық тандамалы шығармаларым шықпақшы, «Госплан» терлейді» дегені бар. Әсіресе…

Жауынгер жәдігері

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған көрме Жеңістің 80 жылдығына арналды. Көрме сөресіне Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мол мәлімет, құжаттар, суреттер, майдангерлердің жеке заттары, қару-жарақ және фашистерден алынған бұйымдар қойылды. Жәдігерлердің басым көпшілігін музейге соғыс ардагерлерінің туған-туыстары әкеліп тапсырған. Көрмеге келушілер 858-ші артиллериялық полк батареясының командирі Иван Прядконың соғыста түскен суретін, тапанша қабын, сыйға алған қалта сағатын…

Қаламгердің көзіндей

  Жамбыл ауданындағы Сәбит ауьшында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражай өңіріміздің киелі жерлерінің картасына енген. 35 жыл ішінде мұражайдағы жәдігерлерді Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ак алыс-жақын шетелден келген мыңдаған мейман тамашалады.   Музейге айналған ғимаратты 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш.Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан тұрғызылған үйінен құрастырып, салған. 180…

Смағұл құбылысы

Мына тағылымды дерекке мән бере караңызшы: қазақтың тәуелсіздігі үшін соңғы, демі таусылғанша аянбай күрескен Смағұл Сәдуақасұлы. 1933 жылы 16 желтоқсанда қайтыс болды. Араға 58 жыл салып. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Бұл – жай сәйкестік емес, рухтың һәм намысқа толы сенімнің сәйкестігі! Сонда бұрынғы-кейінгі қаһармандар, Кенесары мен Наурызбай, Әлихан мен Ахмет, Мұстафа мен…