Ауылдағы Смағұл атындағы мұражай

Ақжар ауданындағы С.Сәдуақасұлы атындағы аудандык тарихи-өлкетану музейі 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қорында 118 экспонаты бар рухани орда аудан тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған. Бұл музей неге Алаш қайраткерінің есімімен аталғанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Смағұл Сәдуақасұлы 1900 жылы Акжар ауданы, Жарқын ауылында дүниеге келген. Әкесі Сәдуақас Уфадағы Ғалия медресесін бітірген, молда, сөзге…

Ұлт мұраты шыңдаған қайраткер

Биылғы жылы халқымыздың басынан өткен қасірет, миллиондаған қазақстандықтың әмірін қиған «Қазақстандағы Кіші Қазан» деп аталатын, яғни халық мүддесіне қарсы бағдарламаны іске асырудың басталғанына тура 100 жыл толып отыр. Осы бағдарламаға қарсы шыққан қазақ халқының көрнекті перзенті Смағұл Сәдуақасұлының туғанына да – 125 жыл. Смағұл Сәдуақасұлы халық комиссары бола тұра Ф.Голощекин мен оның командасының И.Сталин макұлдаған…

Атамнан асқан батыр жоқ

Атам Қабдөш Тәжіғұлов – елі үшін, ұрпағының болашағы үшін ерлікпен шайқасқан жандардың бірі. Ол 1921 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Тайынша ауданы Аймақ ауылында дүниеге келген. 1940 жылы әскер қатарына алынған атам 1941 жылы сұрапыл соғыс басталған кезде әскерде жүрген жерінен басқа ер-азаматтар секілді Отан қорғауға аттанып, Калинин майданында болған. Майданда алған ауыр жарақатына байланысты 1944…

Анатолий Шалов: неге ұлықталмай қалды?

Кітап пен газет-журнал оқуға құмарлық әдетіммен Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясын парақтап отырып, 590 бетке жеткенде «Шалов Анатолий Федорович, Шал ақын ауданының Көктерек ауылында туған. Ірі қоғам қайраткері. Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері. Экономика ғылымдарының кандидаты» деген аз сөзбен көп мағына ұқтыратын деректі ұшыраттым. Фотоға назар аударсам, өзімізбен автошеберханада еңбек еткен, инженер-жабдықтаушы Николай Федорович Шалов.…

Серінің саңлағы – сегіз еді

Ұлытау облысына жолға шыққандағы мақсатымыз – белгілі өнер зерттеушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Оспанмен атақты Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы төңірегінде әңгімелесу еді. Сапарымызды Домбауыл, Жошы хан, Алаша хан мазарларына барып, тарихи тұлғаларға тағзым етуден бастадық. «Сегіз сері өмірі мен музыкалық мұрасы» кітабының авторы Серік Кәрібайұлының айтуынша, атақты әнші һәм батыр туралы осы уақытқа…

Смағұлдың ауылында

Смағұл Сәдуақасұлының қазақ халқының есін жиып, іргесін бекіте бастаған аласапыран кезеңінде елге сіңірген ерен істерін негізінен ғалымдар жақсы біледі. Егер барлық халқымыз білсе, ел таныса, билік оны көрсе биылғы 125 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып, оған орталық бюджеттен қаражат бөлініп, есімі лайықты құрметтелер еді. Еліміз тәуелсіздігін алған елең-алаң шақта ұлттық арыстарымыз керемет ұлықталды. Абылайдың, Қабанбайдың,…

Абай – әділдіктің жаршысы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған кеш өтті. Шараны ашқан департамент басшысы Бақдәулет Махмұд Абай Құнанбаевтың ұлт руханиятында алатын орнына тоқталып, ақын мұрасы адам бойына әділдік пен адалдық қасиеттерін қалыптастыратын ақыл көзі екенін айтты. Кеш барысында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық…

Менің атам батыр болған

«Ер есімі — ел есінде». Бұл сөздің мағынасы терең, мәні зор. Оған екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің, соғыстан елге аман оралған ардагерлер есімдерінің ел жадында мәңгі сақталғаны дәлел. Солардың бірі — менің атам Сейфулла Тасимов. Атам 1925 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. 17 жасқа толғанда…

Мәңгілік сағынышым

Есіл ауданының Бірлік ауылы -аталарымыздың жарық дүние есігін ашып, еңбек етіп, өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиелеп, мәңгілік сапарға аттанған қасиетті мекені. Ардақты атамыз Қабдірашит пен аяулы әжеміз Қайнижамалдың ыстық құшағында ерекше мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп, алақандарының жылуы арқылы алған тәлім-тәрбиені бойымызға молынан дарытып өскен біз -бақытты ұрпақпыз. Алғашқы немерелері болғандықтан шығар, біз ата-әжеміздің көзқуанышы едік, мойындарына асылып,…

Бір түнде елу минаны залалсыздандырған

Есіл ауданындағы Явленка ауылында Боранбай Әбішев атындағы көше бар. Алайда көпшілік оның кім екенін және елге қандай еңбегі сіңгенін біле бермейді. Ардагердің қызы Ғалия Әбішеваның айтуынша, әкесі соғысқа аттанғанда 17 жаста ғана екен. 1942 жылы бозбала бір жас қостырып алып, майданға сұранған. Ленинград майданында 1943 жылға дейін 221 атқыштар полкінде атқыш, кейін 1945 жылға дейін…