Бір әулеттен аттанған бес боздақ
Жеңістің 80 жылдығы – ерен ерлеріміздің ержүректілігін, батырлығын барша әлемге паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қан майданға атамның шаңырағынан өрімдей бес боздақ аттанған екен: әкемнің үш ағасы- Әмен, Қазез, Мәжен, әкем Серғали және Дүйсен атамыздың жалғыз ұлы Сапар. Әмен мен Қазез аталарымызға топырақ жат жерден бұйырды. Әкем Серғали Кәкімжанұлы 1943 жылғы қараша айында армия…